Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Өзбекстандық велосипедші Хурсанд Шеров Ұлы Отан соғысының батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне тағзым етті

Өзбекстандық велосипедші Хурсанд Шеров Ұлы Отан соғысының батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне тағзым етті

Өзбекстандық опера әншісі, велосипедші және спорт ардагері Хурсанд Шеров Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай халықаралық бағыттағы веломорофон аясында Қызылорда қаласына аялдаған болатын.

Осыған орай, ардагер велосипедші қаладағы Мәншүк Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжіне арнайы барып, ұлағатты ұстаздар және білім алушылармен кездесті. Аталмыш шараға облыстағы өзбек этномәдени бірлестігінің мүшелері, БАҚ өкілдері, спортшы жастар мен студенттер қатысты.

Кездесу барысында Ұлы Отан соғысының батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, қазақтың қаһарман қызының жанқиярлық ерлігін ұмыт қалдырмау туралы өнегелі әңгіме өрбіді.

Осы орайда Хурсанд Шеровке Сыр халқы атынан велоспорттан ұлттық құраманың жейдесі табысталды.

Кездесу соңы мерекелік бағдарламаға ұласып, көтеріңкі көңіл-күйде аяқталды.


@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

26 наурыз 2025 ж. 270 0