Полиция қызметін цифрландыру қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

– Автоматты режимде жұмыс жасайтын құрылғыларымен 5241 жол қозғалыс ережелерін бұзушылықтар анықталып, айыппұл салынды. Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін Қызылорда қаласына 1400 дана бейнебақылау камераларын және 19 «Зияткерлік қиылыс», 58 «Стационарлық жылдамдық өлшегіш» қондырғыларын орнату жоспарлануда. 24 наурыздан бастап Қызылорда қаласындағы Жедел басқару орталығының бейне қабырғасы мен жұмыс орындарына жаңарту жұмыстары жоспарлануда. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы қоғамдық тәртіпті сақтау саласына жасанды интеллектіні қолдану арқылы цифрлық жобаларды енгізуге көп көңіл бөлуде. Осыған орай «Target AI» ЖШС-мен осы жылдың сәуір айында облыс орталығында орналасқан бейнебақылау камераларына жасанды интеллект алгоритмдерінің көмегімен бейнебақылау камераларының бейне ағынын өңдеуді және талдауды пилоттық режимде жүзеге асыру жоспарлануда. Аталған бағдарлама бет-әлпеті арқылы немесе белгілеріне қарап іздеуде жүрген адамдарды картаға түсіру сервисі арқылы анықтау уақытына және табылған орнына қарай іздеу маршруттарын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, криминалды көлік құралдарын номері, модель, маркасы және түсі арқылы табуға мүмкіндік береді,- деді Сәбит Ибадуллаұлы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото:Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото:Өңірлік коммуникациялар қызметі