Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » «Сергекке» сергек қарау керек

«Сергекке» сергек қарау керек

«Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген бар. Қазіргі таңда бейнебақылау арқылы кез келген ұсақ қылмысқа дейін оңай анықтауға болады. Бүгінде үлкен қалалардан бастап, шағын аудан, ауылдық жерлерде де бейнекамералар орнатылған. Тіпті қоғамдық тәртіптілікті бейнекамераларсыз елестету мүмкін емес. Бұл өз кезегінде қылмыстық оқиғалардың алдын алуға негіз болмақ. Сондай-ақ орын алған құқықбұзушылықты дер кезінде анықтап, істің ақ-қарасын айқындауға ықпал етеді.

Осы орайда кент орталығында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында 72 дана бейнебақылау камерасы және 7 дана жол қозғалысы ережелерін бұзған автокөліктерді автоматты түрде анықтайтын «Сергек» құрыл­ғылары белгіленген аумақ бойынша орналастырылды. Бүгінгі таңда аталған бақылау камералары өз жұмысын атқарып тұр. Заманауи құрылғы жұмысын бақылау үшін жедел басқару орталығы өз жұмысын бастады. Мамандар тәулік бойына үлкен экран арқылы камера жұмысын бақылап отырады.

Жақында аудан әкімі Берік Сәр­менбаев аудандық полиция бөліміне барып, Жедел басқару орта­лығының жұмысымен танысып қайтты. Аудан басшысымен бірге аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов орталық жұмысын көрді. Берік Әбдіғаппарұлы орталықтың басты мақсаты тұрғындардың қауіп­сіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтіп, қоғамдық тыныштықты сақ­тауда нәтижелі жұмыстар атқарылу керектігін тапсырды.

– Аудандағы Жедел басқару орталығында ақпараттарды қабылдау мен тіркеуді автоматтандыратын, қоғамдық орындарда тәртіпті бақылайтын 72 бейнекамера, жол қозғалысы ережелерін бұзғандарды автоматты түрде анықтайтын 7 стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғы қамтылған. Барлық камера «ЖБО 2.0» бағдарламасы арқылы бақыланып, жыл басынан бастап пилоттық режимде жұмыс істеуде, – дейді аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бас­тығы, полиция под­полковнигі Сейлхан Кеукенов.

Айта кетейік, ҚР Премьер-министр­дің тапсырмасына сәйкес, Ішкі істер министрлігінің сәуір айындағы алқа кеңесінде бағдарламалық қамтамасыз ету үшін қалалық және аудандық полиция бөліністерінде кіші жедел басқару орталықтарын қаржыландыру тапсырылған болатын. Осыған байланысты аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен өңірдің 7 аудандық полиция бөлімінде Жедел басқару орталығын құруға қажетті қаражат бөлінген.

Айта кетейік, күндіз-түні қызмет көрсетіп, тұрғындар қауіпсіздігін бақылайтын бейне­бақылаулар кент көше­лерінің қиылыстарында, орталық алаңда, ірі көшелер мен теміржол өткелдерінде, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында орналасқан. Жыл басынан бері аталған камера­лар арқылы 68 құқықбұзушылық тіркелген.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
11 қаңтар 2025 ж. 39 0