Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдің болашағы үшін әділ салық жүйесін жасау керек – Президент

Елдің болашағы үшін әділ салық жүйесін жасау керек – Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында салық жүйесін құруда батыл шешімдер қабылдануы керек екенін алға тартты, деп жазады Egemen.kz.

«Әділ әрі тиімді салық жүйесін құру еліміздің болашағына, кейінгі ұрпақтың тұрмысына тікелей әсер ететінін ұғынған жөн.

Билік бизнеске қолдау көрсетіп келді, көрсете де береді. Бұған күмән болмауға тиіс. Бірақ бизнестің өзі заңды және заңсыз болады. Біз заңды сақтау, тәртіпке бағыну керек деп жатамыз. Ендеше Үкіметтің және жалпы биліктің қолдау шараларының игілігін, бірінші кезекте, адал әрі жауапты, ең бастысы, заң аясында жұмыс істейтін кәсіпкерлер көруге тиіс.

Салық реформасына келсек, батыл шараларды дәл қазір қабылдау керек. Әйтпесе, бұдан да зор қиындыққа тап боламыз», деді Президент.

Фото: Ақорда
14 наурыз 2025 ж. 44 0