Алғыс айту күні коммуналдық сала қызметкерлеріне аймақ басшысының атынан құрмет көрсетілді

“Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, күндіз-түні тазалық сақтауға аянбай атсалысудасыздар.
Қала халқының тыныс-тіршілігіндегі қалыптасқан ырғақ бұзылмау үшін жолаушылар тасымалы, коммуналдық қызмет көрсету саласы қызметкерлері уақытпен санаспай еңбек етеді. Тұрғындарды діттеген жеріне жеткізіп, әр үйді жарықпен, жылумен қамтамасыз етеді.
Сіздер, жұртшылыққа жайлылық, елге қуат, жанға шуақ сыйлап келесіздер.
Тұрмыс- тіршілігіміздегі аса маңызды салалардың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін аймақ басшысының алғысын жеткізуге арнайы келдім”, - деді Шахмардан Байманов.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі