Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

29 сәуір 2025 ж.

№ 30 газет

26 сәуір 2025 ж.

№ 29 газет

22 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Бейжің қаласында кездесулер ұйымдастырылды

Бейжің қаласында кездесулер ұйымдастырылды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары Бейжің қаласында жалғасты.

Облыс әкімі мен жауапты сала басшылары, Сыр елінің кәсіпкерлері қытайлық «Geo-Jade Petroleum Corporation», «KALE Group», «East Hope Group» компанияларының басшыларымен кездесіп, мұнай-газ, тау-кен металлургия салаларына инвестиция тарту және «Шалқия» жобасы бойынша келіссөздер жүргізді.

«Біз Қытайдың озық технологияларын облыс өнеркәсібіне енгізу мақсатында арнайы іссапармен келдік.

Қызылорда облысында минералды шикізат ресурстарының, атап айтқанда мұнай, газ, полиметалл мен уранның мол қоры бар. Ерекше назар аударатын жобалардың бірі — «Шалқия Цинк LTD» акционерлік қоғамының полиметалл кен орындарын игеру. Сіздердің компанияларыңыздың заманауи технологиясы мен тәжірибесін пайдаланып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз», – деді Н. Нәлібаев.

Аймақ басшысы бастаған облыс делегациясының жұмыс сапарын ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ұйымдастырған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
28 ақпан 2025 ж. 116 0