Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ас үй сүлгісінің негізгі қауіптері аталды

Ас үй сүлгісінің негізгі қауіптері аталды


Маврикия университетінің ғалымдары ас үй сүлгілерін қайта қолдану патогендік микроорганизмдердің өсуіне ықпал етіп, тамақтан улануға әкеп соқтыруы мүмкін екендігін анықтады.

Бұл туралы EurekAlert баспасөз хабарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Зерттеу барысында бір ай бойы қолданылған 100 сүлгі зерттелді.
Ғалымдар бактериялардың үлгілерін жинап, оларды өсіріп, стандартты биохимиялық әдістерге сәйкес анықтады. Сондай-ақ, сүлгідегі бактериялардың саны мен жүктемесі анықталды.
Сүлгілердің 49 пайызында үйде тұратын балалар мен отбасы мүшелерінің санына тікелей байланысты бактериялардың өсуі байқалды. Патогендік микрофлораның ішінде 36,7% колиформ бактериялары, 36,7% энтерококк және 14,3%  алтын түлті стафилококктың бар екені анықталды.
Колиформ бактериялар (ішек таяқшасы бактериясы) ылғалды және қайта пайдалануға болатын сүлгілерде көп кездеседі. Сондай-ақ, үйде ет өнімдерін тұтыну да ішек таяқшасы бактериялары мен алтын түсті стафилококктың өсуіне ықпал етті. Бұл ықтимал патогендік микроорганизмдер тағамға түсіп, асқазан-ішек жолдарының бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін.
11 маусым 2018 ж. 879 0