Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл 42 мың қазақстандық әскерге шақырылады

Биыл 42 мың қазақстандық әскерге шақырылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жарлық «Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Ішкі істер министрлігіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақыруға» қаулы етеді.

2025 жылы әскерге шақыру жасындағы 42000-нан астам азамат шақырылуға жатады.

«Әскерге шақырылушыларды хабардар ету шақыру қағаздары мен SMS-хабарламалар арқылы жүзеге асырылатын болады. Хабарламаны алғаннан кейін олар медициналық комиссиядан өту үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарына баруға міндетті. Ол азаматтардың мерзімді қызметке жарамдылық деңгейін анықтайды», делінген қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада. 

Айта кетейік, әскери қызмет өткерудің барлық кезеңінде сарбаздар тамақпен, заттай мүлікпен, жеке гигиена құралдарымен және ай сайынғы ақшалай үлеспен қамтамасыз етіледі. Оларға медициналық қызметтер көрсетіледі және пошта жөнелтілімдері үшін өтемақы төленеді.
14 ақпан 2025 ж. 170 0