Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қармақшы қарқынды құрылыс алаңына айналды

Қармақшы қарқынды құрылыс алаңына айналды

Қармақшы қарқынды құрылыс алаңына айналды

Былтыр Қармақшы ауданында жеке тұрғын үйге мұқтаж әлеуметтік осал топтарына және кезекте тұрған азаматтарға 156 пәтер сатып алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек баяндады.

«Ауданда халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін арттыру мақсатында «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында спорт кешендерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Ал, Ақай ауылындағы дене-шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы пайдалануға берілетін болады. 2024 жылы елді мекендерге заманауи 5 балалар және спорт алаңын салуға 105,4 млн теңге қаралып, салынды. Соңғы 2 жылда аудан көлемінде 17 дана балалар және спорттық ойын алаңдары орнатылып, пайдалануға берілді», – деді Жандос Еркінбекұлы.

Аудан әкімінің айтуынша 2024 жылдың қаңтар айында Дауылкөл, Ақжар және Жаңажол ауылдық округтерінде дәрігерлік амбулатория салынып, пайдалануға берілген. Ал, 2024 жылдың желтоқсан айында Қуаңдария және Қармақшы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекетінің құрылысына бюджеттен 416,9 млн. теңге қаралып, жұмыстары жүргізілген.

«Ауданымызда «Руханият жылы» аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі аудан орталығымыздағы «Руханият орталығы» бой көтеріп, құрылысы аяқталды. Жалпы жоба құны 1,7 млрд.теңге. №284 мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты спорт залының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді», – деді аудан әкімі.
03 ақпан 2025 ж. 45 0