Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ХҚО-лардың мереке күндері қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

ХҚО-лардың мереке күндері қалай жұмыс істейтіні белгілі болды

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 1 және 3 қаңтар аралығында Жаңа жыл мерекесіне орай ХҚКО мен МХҚКО жұмыс істемейтінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Ал 4 қаңтар, яғни сенбі, кезекші орталықтар үшін жұмыс күні. Азаматтарды қабылдау 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асады.

5 және 6 қаңтар күні еліміздің барлық орталықтары әдеттегі кесте бойынша өз жұмысын жалғастырады. Елімізде 7 қаңтар күні православиелік Рождество тойланатындықтан, бұл күн ХҚКО мен МХҚКО жұмыс істемейді. 

Еске сала кетейік, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.
30 желтоқсан 2024 ж. 269 0