Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Жыл басынан бері қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің есебінен көрсетілген компьютерлік томография (КТ) және магниттік-резонанстық томография (МРТ) сияқты 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ
МРТ және КТ – бұл әртүрлі аурулар мен патологияларды ерте сатысында анықтауға, сондай-ақ ағзалар мен тіндердің жағдайын бағалауға көмектесетін маңызды диагностикалық әдістер.
Осы қызметтер көрсетілген 500 мың пациенттің 45 мыңы онкологиялық ауруларға күдік туындаған жағдайда зерттеуден өтті.
Ағымдағы жылы зерттеулердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,2 мыңға өсті.
Медициналық көрсеткіштер мен сақтандыру мәртебесі болған жағдайда, жоғарыда аталған диагностикалық әдістер пациенттерге тегін қолжетімді.
МӘМС жүйесі ел азаматтарына қымбат медициналық қызметтерге қол жеткізуге, пациенттерге қаржылық жүктемені азайтуға және сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.