Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 109 Сall орталығы: 9 сағатта 936 қоңырауға жауап берген

109 Сall орталығы: 9 сағатта 936 қоңырауға жауап берген

Референдум кезінде «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің 109 бірыңғай байланыс қызметі 24/7 жұмыс жасауда.


4 ауысыммен жұмыс істейтін 36 диспетчер 25 күннің ішінде 2000-нан аса қоңырауға жауап берген.


Ал, бүгін яғни 9 сағат ішінде диспетчерлерге 936 қоңырауға түскен. Мамандар тұрғындар сауалына оперативті түрде жауап беруде.

- Бізге келіп жеткен сауалдардың басым бөлігі - азаматтардың өз учаскесін анықтауы және тізімде жоқ азаматтардың дауыс берушілерді уақытша тіркеу мәселелеріне қатысты. Дауыс берушілер тізімінде мүлдем жоқ және тіркелмеген азаматтар үшін 5 онлайн учаске жұмыс істейтінін қаперге саламыз. Себебі кешкі 20.00-ге дейін азаматтар дауыс беруге құқылы.


Біз әрбір қоңырау үшін жауаптымыз. Себебі саяси науқанда әрбір азаматтың дауысы маңызды,-дейді мекеме директоры Темірхан Мұқанғали.
06 қазан 2024 ж. 174 0