Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Еңбек» бағдарламасы бойынша уақытша жұмыс істеймін. Жұмыс беруші мен үшін МӘМС-ке төлеуі тиіс пе?

«Еңбек» бағдарламасы бойынша уақытша жұмыс істеймін. Жұмыс беруші мен үшін МӘМС-ке төлеуі тиіс пе?

«МӘМС туралы» Заңның 26-бабына сәйкес азаматтардың 15 жеңілдік санатына жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар кіреді. Бірақ егер Сіз жұмысқа тұрып, қызметкер болсаңыз, онда Заңның 14-бабына сәйкес жұмыс беруші Сіз үшін ай сайын МӘМС-ке аударымдар мен жарналарды төлеуге міндетті.

2024 жылы жұмыс берушілердің жұмыскерлер үшін аударымдары 3%-ды құрайды, аударымдардың ең жоғары сомасы 25 500 теңгеден аспауы тиіс. Бұл 10 айлық есептік көрсеткішінің 3%-ы болып саналады.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер мен жеке тұлғалардың жарналары 2024 жылы табыстарының 2%-ын құрайды. Жарнаның ең жоғары сомасы 17 000 теңгені құрайды. Бұл 10 айлық есептік көрсеткішінің 2%-ы болып саналады.
29 тамыз 2024 ж. 193 0