Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысына қорғаныс ведомствосының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы баяндалды, деп хабарлайды akorda.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа халықаралық оқу-жаттығу жиындарының нәтижелері, жауынгерлік дайындыққа жаңа әдістер енгізу жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ қарулы күштердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне қатысты бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында айтылды. Заманауи қару-жарақпен және әскери техникалармен қамтамасыз ету, қорғаныс инфрақұрылымын дамыту, әскери-патриоттық жұмыстарды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 Руслан Жақсылықов әскери қызметшілер мен зейнеткерлерді әлеуметтік тұрғыдан қолдауды арттыру шаралары туралы айтты.

Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министріне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
12 тамыз 2024 ж. 281 0