Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қызылордада «бір ауыл – бір өнім» жобасының көрмесі өтуде

Қызылордада «бір ауыл – бір өнім» жобасының көрмесі өтуде

2024 жылдың 25 шілдесінде Қызылорда қаласындағы «Көрме» орталығында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында жергілікті шикізаттан өндірілетін өнімдердің көрмесі өткізілуде.

Көрме Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі, №123 «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратында Қызылорда қаласы мен барлық аудандарынан кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынуда. Аталған шараға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы орталық аппаратының өкілдері және Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) сарапшысы Акихиса Харагучи қатысуда.

Биыл өңірде өтіп жатқан жобаның көрмесіне Сырдария ауданынан қатысуға 8 кәсіпкер өтінім беріп, өнімдерін алып келді. Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат - ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік әлеуетін арттыру. Қолда бар жергілікті шикізатты пайдаға асыра отырып, өнім өндіру, елді-мекендерде жұмыс орнын ашып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру болып табылады.

Сырдария ауданы атынан көрмеге қатысушы кәсіпкерлердің өніміне қолдау көрсетуге шақырамыз!

25 шілде 2024 ж. 426 0