Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 69 жоба жүзеге асырылуда

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 69 жоба жүзеге асырылуда

Биыл Қызылорда облысының 39 ауылдық елді мекенінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберіндегі 69 жобаны жүзеге асыруға 11 млрд. теңге қаралды.

Жыл басынан бері 5,6 млрд теңге игерілді. Атап айтсақ, білім саласында 2, денсаулық саласында 1, мәдениет саласында 4, спорт саласында 8 жоба жүзеге асуда.

Мұнан бөлек, электрмен қамту бойынша 14, газдандыру бойынша 1, ауыз сумен қамту бойынша 2 жоба қолға алынбақ. Көлік инфрақұрылымы саласында 35, абаттандыру саласында 2 жоба бар.

Жоспар бойынша 36 жоба биыл аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Олар – дәрігерлік амбулатория, 2 спорт кешені, электрмен қамтудың 4, ауыз сумен қамтудың 1, білім беру нысанын күрделі жөндеудің 2 жобасы және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 26 жоба.
Қалғаны келесі жылы ел игілігіне табысталады.

15 шілде 2024 ж. 340 0