Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыссыздық деңгейін азайту көзделген

Мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыссыздық деңгейін азайту көзделген

«Ауыл – Ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайыздан асырған жоқ. Республикада бұл көрсеткіш 5 пайызды құрайды. Өткен жылы 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылса, оның 15 мыңнан астамы тұрақты.

Осы бағдарламалар аясында 2020 жылы тұрғын үй, жол және әлеуметтік салаларда 44,3 млрд. теңгеге 351 жоба жүзеге асырылды. Ал, биыл 12,8 млрд. теңгеге 42 жобаны іске асырылмақ. Айта кетейік, өткен жылы аймақ экономикасының негізгі басым бағыттарын дамытуға Президент тапсырмасымен қосымша 15,6 млрд.теңге қаржы бөлінді. Қомақты қаржыға маңызды 42 жоба жүзеге асырылды.

- Өткен жылы «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында 40,1 млрд.теңге қаржы қаралып, 291 жоба жүзеге асты. Бұл пандемия кезеңінде жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға мүмкіндік берді. Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – экономиканы дамыту, әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әл-ауқатын жақсарту. Жаңа жұмыс орындарын құру – біздің басым бағыттарымыздың бірі, - деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
17 ақпан 2021 ж. 399 0