Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 17 жылдан кейін алғаш рет түлектер педиатр мамандығын алып шықты

17 жылдан кейін алғаш рет түлектер педиатр мамандығын алып шықты

Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде (ҚазҰМУ) 17 жылдан кейін алғаш рет педиатр дәрігерлер бітірді,  деп хабарлайды kaz.inform.kz. 

Интернатураны бітіргені туралы дипломды 132 маман, оның ішінде халықаралық олимпиада мен конкурстардың жеңімпаздары, сондай-ақ үздік белгісі бар диплом иегерлері алды.

Денсаулық сақтау жүйесінде педиатрия балалардағы ауруларды ерте анықтау мен емдеуді, профилактика мен вакцинациялауды, даму мен өсуді бақылауды, ата-аналарды қолдауды және балалар өлімін азайтуда шешуші рөл атқарады.

Резидентурада осы мамандық бойынша жоғары білімі бар кадрларды 8 медициналық ЖОО және 2 ғылыми-зерттеу институты даярлайды. 

Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын бакалавриатқа 500 мемлекеттік білім грантын, сондай-ақ өңір қажеттіліктерін ескере отырып резидентураға 153 грант бөледі.

Фото: ДСМ
14 шілде 2024 ж. 292 0