Баланы тыныштандыру үшін гаджет берудің зияны анықталды

Мамандар екі жастан бес жасқа дейінгі балалардың ата-анасы арасында сауалнама жүргізді. Оған 300 адам қатысты. Зерттеуге қатысушылар балаларды тыныштандыру үшін цифрлық құрылғыларды қаншалықты жиі қолданғанын, сондай-ақ эмоционалды дағдыларды дамыту деңгейі туралы айтып берді.
Ата-аналары цифрлық құрылғылардың көмегіне жиі жүгінетін балалар бір жылдан кейін ашуын басқара алмаған, төмен нәтиже көрсеткен. Олар эмоцияларын өз бетінше басқаруды үйренбегендіктен ашу мен күйзелісті жеңе алмаған. Олар сондай-ақ мұндай жағдайларда цифрлық құрылғыларды сирек қолданатын балалармен салыстырғанда эмоцияларын басқаруға аз күш жұмсаған.
Зерттеу авторлары ата-аналардың балаларды өз мінез-құлқын басқаруға үйрету процесіне қатысуының маңыздылығын атап өтті. Балаларды тыныштандыру үшін цифрлық құрылғыларды пайдаланудың орнына, ата-аналар балалардың жағымсыз эмоцияларымен жұмыс істеп, олармен күресе білу керек.