Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

№89 газет

22 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қызылордалықтар су тасқыны болған аумақтарға гуманитарлық көмек жіберіп жатыр

Қызылордалықтар су тасқыны болған аумақтарға гуманитарлық көмек жіберіп жатыр

Қызылорда облысы су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе өңіріне 25 көлік гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы облыстың «Волонтерлер фронт-офисінің» жетекшісі Болатбек Айтбенбетов айтты.

«Су тасқыны басталғалы Волонтерлер фронт-офисі қалада, аудандарда гуманитарлық көмек пунктерін ашып, Ақтөбе өңіріне 25 жүк көлігімен гуманитарлық көмек жіберді. Сондай-ақ «Торғай-Петролиум» АҚ қолдауымен де 10 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек Ақтөбе, Қостанай, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына жөнелтілді», - деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингіде.

Қазіргі таңда гуманитарлық көмек жинау пунктері жұмысын жалғастырып жатыр.

Қызылорда қаласында «Тағзым» алаңында арнайы жүк көлігі тұр. Онда белсенді жастар, еріктілер халық әкелген гуманитарлық көмекті жинап, сұрыптап, бірден көліктерге тиеп жатыр.


14 сәуір 2024 ж. 318 0