Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Аудан әкімі жолаушылардың жағдайын білді

Аудан әкімі жолаушылардың жағдайын білді

Ақтөбе облысы аумағындағы ауа райының қолайсыздығына орай республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1240-1357 шақырымы аралығы толықтай жабық. Осыған байланысты аудан тұсындағы жолаушыларға тиісті көмек көрсетілуде.

Кеше аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылы тұсындағы «Керуен» сервистік кешеніне барып, жолаушылардың жағдайларын білді. Азық-түлік қорының жеткілікті көлемде бар екендігін қарап, бағасын негізсіз көтермеу қажеттігі ескертілгенін айтты. Жол ашылғанша сабырлық, ұйымшылдық таныту керектігін жеткізді. Жүргізушілер мен жолаушылар жағдай жасалып жатқанына алғыстарын білдірді.

Жолаушыларға бүгін таңғы ас ұйымдатырылды. Сондай-ақ, түскі ас берілетін болады.

Жағдай тұрақты бақылауда. Сервистік кешенде кезекшілік ұйымдастырылған.

@Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

11 ақпан 2024 ж. 203 0