Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Сырдариялық түлектер ҰБТ тапсыруда

Сырдариялық түлектер ҰБТ тапсыруда

2023-2024 оқу жылының алғашқы қаңтар ҰБТ-сы бас­талып, сырдариялық түлектер білімін сынауда. Аудан бойынша осы оқу жылында 440 бітірушітүлектің 382-і, яғни 87 пайызы қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініш берген.

Әдеттегідей электронды форматта 4 кезеңде тестілеуге қатысатын бітіруші түлектер қаңтар айындағы бірінші кезеңдегі ҰБТ-ға өтініш тапсырды. Өтініш қабылдау 2023 жылғы 29 желтоқсан мен 2024 жылғы 11 қаңтар аралығында Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында және UTO қосымшасы арқылы жүргізілді. Алғашқы кезең болып саналатын қаңтар ҰБТ-да талапкер ЖОО-ға ақылы негізде қабылдану үшін шектік 50 баллдан жоғары ұпай жинауы тиіс. Өтініш берген түлектер 2024 жылғы 16 қаңтар мен 10 ақпан аралығында тестілеуден өтіп болады.

Айту керек, 2024 жылғы ҰБТ-да тестілеу форматына өзгерістер енгізілген. Яғни, Қазақстан тарихы бойынша тестілеуге қатысушылар 20 тапсырманы, оқу сауаттылығы – 10, математикалық сауаттылық – 10 және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырманы орындайды. Барлығы – 120 сұрақ. Сұрақ санында өзгеріс жоқ. Ең жоғары балл – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут). Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минуттық уақыт сақталған.

Тестілеу кезінде калькулятор, Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері барлық талапкер үшін компьютер экрандарында қолжетімді болады. Сондай-ақ ҰБТ қатысушыларына өздерімен қалам, су және шоколад алып келуге рұқсат етілгенін еске саламыз.

Сырдариялық жас түлектерге алғаш­қы кезеңде сәттілік тілейміз.
«Тт» ақпарат
Фото: ашық дереккөзден
27 қаңтар 2024 ж. 187 0