Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Үкіметте дәрілік заттар мен зергерлік бұйымдарды таңбалауды енгізу талқыланды

Үкіметте дәрілік заттар мен зергерлік бұйымдарды таңбалауды енгізу талқыланды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте дәрілік заттар мен зергерлік бұйымдарды таңбалауды енгізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Рrimeminister.kz

Кеңеске, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өкілдері де қатысты.

Бүгінгі таңда республикада темекі өнімдері мен аяқ киім таңбалауға жатады.

Бұл шара тауарларды бақылап отыруға, заңсыз өнімді анықтауға, көлеңкелі айналымды азайтуға және бюджетке түсетін салықты арттыруға мүмкіндік берді.

Жалпы таңбалау адал кәсіпкерлер мен тұтынушыларды қорғауға бағытталған.

Дәрілік заттарды таңбалау 2024 жылғы 1 шілдеге жоспарланып отыр.

Сондай-ақ зергерлік бұйымдарды таңбалауды 2024 жылғы 1 шілдеден бастап енгізу жоспарланып отыр.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр белгіленген тәртіппен таңбаланбаған тауарларды сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді, сондай-ақ пилоттық режимде таңбалауды жүргізу үшін тауарларды іріктеу тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Жалпы осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Атап айтқанда, 2024 жылы мотор майлары, сыра және сыра сусындары бойынша пилоттық жобаларды жүргізу жоспарланған.

Фото: primeminister.kz
29 желтоқсан 2023 ж. 272 0