Алдағы жылы да ауқымды жұмыстар атқарылады

Есепті кездесулер барысында аудан әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасымен, аймақ басшысының қолдауымен өңірде атқарылып жатқан айшықты жұмыстарға тоқталды. Оның ішінде, облыста әлеуметтік-мәдени нысандар бой көтеріп, халық игілігіне беріліп жатқанын атады. Соның негізінде ауданда да жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Биыл Тереңөзек кентіндегі бірқатар көше жөндеуден өтті. Аудан орталығындағы спорт клубы күрделі жөндеуден өтсе, демеушілік есебінен көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбеті жаңарды, "Сыр сұлуы" монументі де жаңа кейіпке енді. Ал А.Тоқмағамбетов ауылындағы дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтсе, елді мекенді газдандыру жұмыстары биыл бастау алды.
Берік Әбдіғаппарұлы ауданды дамыту бағытында алдағы жылы да ауқымды жұмыстар атқарылатынын айтты.
Есепті кездесуден соң аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.