Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Үздік сот кеңсесі» байқауының жеңімпазы атанды

«Үздік сот кеңсесі» байқауының жеңімпазы атанды

Биыл Қызылорда облыстық сотының құрыл­­­­ға­­­­нына 85 жыл толып отыр. Заң үстемдігін қамтамасыз етуді басты ұстаным еткен жоғарғы орган мамандары ел-халықтың игілігі жолында еңбек етіп келеді. Айтулы күнге орай Қызылорда облыстық сотында салтанатты іс-шара өткізілді. Мерейтойлық жиынға ҚР Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Сағатбек Сүлеймен, сот төрағалары мен судьялары, сала мамандары қатысты.

Жоғарғы орган қызметкерлерінің мәртебесін биіктеткен тағылымы мол іс-шарада ҚР Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Сағатбек Сүлеймен жиынға қатысушы сала мамандарын айтулы күнмен құттықтады.

– Облыстық сот өзінің тарихында талай күрмеуі қиын істерді қарап, азаматтардың құқықтарын қорғап, әділ сөз төрелігін жүзеге асырып келе жатқаны мәлім. Осы жауапкершілігі мол қызметте әрбір мемлекеттік қызметшінің өлшеусіз үлесі бар. Сала ардагерлері мен мамандары сот жүйесіне қатысты реформаларды жүзеге асыруда елеулі еңбек етті. Біз аға буын өкілдерінің еңбегін әркез мақтан тұтамыз, үлгі-өнеге аламыз. Бұл ретте, баршаңызды мерейтойымен шын жүрек­тен құттықтаймын, – деді департамент басшысы.

Жыл көлемінде елеулі қызмет етіп, жоғарғы жетістікке қол жеткізген сала маман­дары марапат төрінен көрінді. Сырдария аудандық сотының бас маман-сот отырысы­ның хатшысы Гүлшат Пірімбет «Сот жүйесінің үздігі» төс­белгісімен марапатталды. Сонымен қатар Сырдария ауданы бо­йынша сот әкімшісі «Үздік сот кеңсесі» байқауының жеңімпазы атанды. Ал сырдариялық сала мамандарынан құралған «Ақиқат» командасы «Сыр соттары – әділдік айнасы» көркемөнерпаздар байқауының қоры­тындысы бойынша үздіктер қатары­нан көрінді.

– Біздің білікті, білімді, өз ісінің білгір ма­ман­дары жылды жақсы нәтижеде қорытындылауда. Жергілікті халықтың арыз-шағымын тыңдап, әділетті шешім шығару жолында еңбек етіп келе жатқан қызметкерлеріміз бар мақтауға лайықты. Жоғарғы орган саласының күрделілігін ескерсек, құжаттамалардың уақытылы орындалуын кеңсе мамандары жүзеге асыруда. Қай кезде де, аудандық соттың заман көшіне ілесіп, үздіктер қатарынан көрінуіне барымызды саламыз, – деді Сырдария аудандық сотының төрағасы Руслан Алдамбергенов.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
12 желтоқсан 2023 ж. 596 0