Орталық сайлау комиссиясының мүшесі А.Смағұлов Сырдария ауданында болды
Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау жөніндегі науқанды ұйымдастыру және өткізу шеңберінде Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов инспекциялық сапармен Қызылорда облысына келді.
Іссапар аясында Сырдария ауданында болып, бірнеше сайлау учаскелерін аралап, іскерлік ойын тәжірибесін бақылап көрді. Онда учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің дауыс беру күні тиісті іс-қимыл алгоритмінің жұмысы көрсетілді. Асылбек Айжарықұлы комиссия мүшелерімен пікірлесіп, сайлау өткізу бағытындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Әсіресе, сайлауды ашық әрі заң талаптарына сай өткізу маңызды міндет екенін алға тартты.
Сонымен қатар, ауданда жергілікті әкімдік және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткен семинар-кеңес жұмысына қатысты. Семинарда аудан әкімі аппаратының басшысы Рысбек Шайхиев сайлаушылар тізімін жасақтау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын баяндады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында атқарушы биліктің шешім қабылдау ісіне азаматтардың тікелей қатысу мүмкіндігін арттырудың маңыздылығына тоқталып, аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлау жүзеге асырылатынын атап өтті. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 5 қарашасында Сырдария ауданы әкімінің сайлауын өткізу жоспарлануда. Сырдария ауданының халық саны 38025 адам болса, 2023 жылғы 1 қыркүйекке сайлаушылар саны 22644 адамды құрайды. Аудан бойынша 18 сайлау учаскесі бар. Барлық сайлау учаскесі қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Әрбір сайлау учаскесінің шекаралары бекітілген. Тұрғындардың сайлауға белсенді қатысуы үшін ынталандыру іс-шаралары жүргізілетін болады, – деді Рысбек Болатұлы.
Семинарда құқық қорғау органдарының өкілдері сайлау күні қоғамдық тәртіпті сақтаудың барлық алғышарттары жасалатынын мәлімдеді.
Сондай-ақ, жиында сайлау науқанының негізгі ерекшеліктері, сайлауды ұйымдастырудан бастап дауыс беру күніне дейінгі сайлау рәсімдері, әкімге кандидаттарды ұсыну және тіркеу тәртібі, сайлау алдындағы үгіт жүргізу, учаскелік сайлау комиссияларының сайлауға дайындық кезеңінде және оны өткізу күніндегі қызметі түсіндірілді.