Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең ішкіш мамандық иелері кімдер?

Ең ішкіш мамандық иелері кімдер?


Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, адамның әлеуметтік-экономикалық дәрежесі жоғарылаған сайын, алкогольдік ішімдікке жақын болады. Мәселен, физикалық немесе қарапайым жұмыста істейтін жандар мейлінше аз ішсе, басқарушылық қызметтегілер алкогольді жиі тұтынатын болып шықты. Бұл туралы mixnews.lv сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Шын мәнінде, халық арасында алкогольдік ішімдікке жақындық олардың айлық мөлшеріне қатысты өзгеріп отырады екен.
Жылына 11 мың евродан төмен жалақы алатын адамдардың 46,5 пайызы ащы судан ұрттап тұратынын мойындаған. 22-34 мың евро аралығында ақша табатын британдықтардың 60 пайызы ішімдік ішеді.
Ал жалақысы 45 мың евродан көп тұрғындардың 80 пайызы қымбат шараптар мен сыра ішіп тұрғанды жақсы көретіндерін айтқан.
Сондай-ақ, адамдардың ішімдікке құмарлығы олардың жас ерекшеліктеріне де байланысты екен. Нақтырақ айтсақ, жасы 64-тен асқан адамдар алкогольді ең көп тұтынатындар болса, 25-64 жас аралығындағы тұрғындар өте сирек ішетін болып шықты.

NUR.KZ
08 мамыр 2018 ж. 1 755 0