Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Мектептер жаңа оқу жылына дайын

Мектептер жаңа оқу жылына дайын

Аймақта жаңа оқу жылында 180 мың оқушы білім алады деп жоспарлануда. Бірінші сыныпқа - 17 543 бала қабылданды. Педагогтар саны – 23 086. Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердаулетов мәлімдеді.

-Бүгінде барлық білім беру ұйымдары қажетті санитарлық-гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді. Оқулық және оқу-әдістемелік кешендерге жергілікті бюджеттен 1,2 млрд.тг. бөлініп, 412 029 дана оқулық алынды. Бұған қоса, 25 тамызға дейін тасымалдау-тарату жұмыстары толық аяқталады. Мектептер толықтай интернет желісімен қамтамасыз етілді. Осы жылдың қаңтар айынан 1-4 сыныпта оқитын 70 173 және әлеуметтік осал отбасыдан шыққан 5-11 сыныптағы 16 777 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Бұл жұмыстар жаңа оқу жылында да жалғасады,-деді Бағдат Камбозұлы.

-Департамент қызметкерлері білім ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында мониторинг жүргізді. Нақтырақ айтқанда, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, турникеттер мен дабыл түймелерінің болуы, спорт залдарының, асхананың және жаңа модификацияланған пән кабинеттерінің болуы қадағаланды. Мониторинг қорытындысы білім басқармасына жолданып, тиісті ұсыныстар берілді,-деді Қызылорда облысы бойынша Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Даулетова.


Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
18 тамыз 2023 ж. 210 0