Сыр елінде 1-сыныпқа 17 615 оқушы барады

Сала маманының айтуынша, құжаттарды қабылдау уақыты 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүргізіледі. Сондай –ақ жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 17 615 оқушы қабылданады деп күтілуде.
-Құжатты үйде отырып тапсыруға болады. Ол үшін «Электрондық үкімет» Egov.kz порталы арқылы электронды түрде тапсыруға болады. Электронды түрде тапсыруға мүмкіндік болмаған жағдайда қағаз түрінде қолма-қол жүзеге асырылады. Бірінші кезекте өтініштерді осы мектептің жанында тұратын ықшамаудан тұрғындары береді. Баланың жасы мектепке қабылданар уақытта алты жасқа толуы міндетті. Ал жасы жетпесе тек ата-анасы немесе заңды тұлғалары қалаған жағдайда мектепке бару мүмкіншілігі бар. Мектепке қабылдану кезінде балалар ешқандай емтихан тапсырмайды. Сондай-ақ, мектептерде «Өз-өзіне қызмет көрсету» бұрыштары ұйымдастырылған, – деді Бағдат Камбозұлы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі