Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ана мен бала денсаулығы – ұлт саулығы

Ана мен бала денсаулығы – ұлт саулығы

Елімізде денсаулық сақтау саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» мем­лекеттік бағдарламасы қабылданған. Аталған бағ­дарлама аясында халық денсаулығын жақсарту маңызды міндет саналады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – медициналық қызмет сапасын арттыру, халықты қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық ме­дицинаны дамыту. Сонымен қатар ана мен бала денсаулығын қорғау, алғашқы медико-санитариялық кө­мекті жетілдіру басты міндет болып­ саналады. Аталған бағдарламаға сәй­кес, аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-тех­никалық базаларын нығайту, ныса­налы индикаторларға қол жеткізу ба­ғытында біршама іс-шаралар жүзеге асырылған.

Ана мен бала денсаулығын сақтау – денсаулық сақтау жүйесінің басты бағыт­тарының бірі. Ауданда биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бо­йынша ана өлімі және сәби өлімі орын алма­ған.

– Жыл басынан ауданда ешқандай ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Мә­селен, өткен жылдың осы кезеңінде 2 сәби өлімі болған. Сондықтан медицина саласының мамандары қайткен күнде ана мен бала денсаулығын сақ­тауда барлық іс-шараны атқарып келеді. Бүгінде емханада барлығы штаттық бірлікте 10 дәрігер жұмыс атқарады. ҚР ДСМ «Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стан­дар­тын бекіту туралы» №92 бұйры­ғына сәйкес, әйелдерді терапевт, аку­шер-гинеколог, психиатр, фтизиатр, онколог, эндокринолог, психолог және саламатты өмір салтын қа­лыптастыру кабинетінің мамандарымен қамтылған мобильді топ елді мекендерге шы­ғуда. Топ құрамындағы мамандар ұрпақ өрбіту жасындағы әйел­дерді про­фи­лактикалық тексеруден өткізуді жүйелі түрде жүргізіп келеді, – дейді бас дәрігер Жалғасбек Үсенов.

Аудан бойынша туу жасындағы әйелдердің саны 7053-ті құрайды. 2023 жылдың 3 айында 11 елді мекенге шығып, барлығы 2440 әйел тек­серіспен қамтылған.

Бас дәрігердің айтуынша, 2В тобында барлығы 93 – 1,3% әйел бар, оның 79-на контрацепция жасалған. Жүктілікті жоспарламайтын 2 топта­ғы әйелдер – 1047, контрацепция олардың 544-іне жасалған. Әлеу­меттік осал 5-ші топта 394 әйел болса, оның 280-не контрацепция жасалды. Әрине, ана өмі­ріне жүктілік қауіп келтіретін болса, жүктіліктің алдын алу маңызды.

Мерзімінен бұрын босану көрсет­кіші бойынша жыл басынан бері 6 жағдай тіркелген. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 9 болған. 2022-2023 жылдарға ана өлімі және сәби шетіне­уін төмендету мақса­тында қысқа мер­зімді оперативті жос­пар бекітілген. Бүгінде соған сәйкес тиісті іс-шаралар орындалуда.

Айту керек, аудандық аурухана 34 860 тұрғынға медициналық көмек көрсетеді. Мекеме құрамында 110 тө­сек орындағы аудандық аурухана, ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 10 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет, 1 медициналық бекет бар.

Бибісара ЖАНӘЛІ

Фото: ашық дереккөзден
27 мамыр 2023 ж. 297 0