Назарбаев Астанадағы «пирамиданы» ҚХА-ға беруді тапсырды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайын Қазақстан халқы Ассамблеясының басқаруына беріп, оны Достық үйіне айналдыру жөнінде бастама көтерді. Бұл жөнінде ол бүгін елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Алға қарай қадам басу үшін бірқатар мәселені шешу керек. Біріншісі – Ассамблея өзекті мәселелерге азаматтық қатысу аясын ұлғайтуы керек. Ассамблеяның әлеуеті – оның мүшелерінің саны. Бұл мыңнан аса этномәдени бірлестік, елуден астам келісім кеңестері. Осы әлеуетті лицензиялау үшін менің тапсырмам бойынша «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңға өзгертулер енгізіліп, Парламент оны қабылдады және кеше мен ол құжатқа қол қойдым. Енді осы жаңартылған заңды жүзеге асыру бойынша нақты жоспар қажет. Негізінен, этно-мәдени бірлестіктер мен «Достық үйлері» мәдениет, тіл және салт-дәстүр саласында жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл жұмысты жалғастыру керек», - деді Елбасы.Мемлекет басшысы Үкімет барлық қазақстандық этностардың мәдениетін дамыту үшін мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс құруы керектігін айтып, оның аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне «Нұр Отан» партиясы және ҚХА бірлесіп «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен оның әлеуметтік бастамаларын сүйемелдеу бойынша ғылыми-ағартушылық жобаны іске асыру жөнінде тапсырма берді.
«Екіншісі – модернизация мен әлеуметтік саясат басымдылығы есебімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту 2025 жылға дейін дамыту жоспары» тұжырымдамасын сапалы түрде пысықтау керек. Үшіншісі – Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық жұмыстарын жалғастыруы керек. Өткен жылдың өзінде 60 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасы және 8 мың әлеуметтік ұйымға көмек көрсетілді. Төртіншісі – Ассамблеяның «Жаңғыру жолы» қозғалысы аясында жастар стартаптарына қолдау көрсетуді қарастыру керек», - деді Елбасы.Сессия барысында сөз сөйлеген Назарбаев, бесінші міндет ретінде аудандық округтердегі қоғамдық келісім кеңестерін жергілікті бюджетті тиімді қолдануға тарту жөнінде Астана, Алматы қалалары және ел облыстары басшылары мен Қазақстан халқы Ассамблеясына тапсырма берді.
«Алтыншысы – осы жылы біз елордамыздың 20 жылдығын атап өтеміз. Астана – бұл бірлік пен келісімнің жалпыұлттық мысалы. 2030 жылға қарай Астана 2 млн тұрғыны бар мегаполиске айналады деп күтудеміз. Егер, Астанада 2 млн, Алматыда 3 млн, Шымкентте 1 млн халық тұратын болса, дәл осындай ірі қалаларда ғылым, мәденит, технология дамитын болады. Урбанизация жүріп, бұл қалалар алға қарай ұмтылатын болады. Біз осыны білу керекпіз. Сол себепті, Астана қаласының әкімдігі Мәдентиет және спорт министрлігімен бірлесіп, бұл айтулы датаны қажетсіз шараларға қаражат жұмсамай, маңызды, салмақты етіп өткізу қажет деп санаймын. Елордада өңірдегі басқа Достық үйлерін шоғырландырушы ретінде өз Достық үйі пайда болатын уақыт жетті деп санаймын. Ол үшін мына ғимаратты (Бейбітшілік және келісім сарайы – агенттік ескертпесі) соларға беру керек», - деген Елбасы бұл орталықтағы Достық үйі болуы керек екенін тағы айтты.Ақмарал Шағатай