Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардақты қарияға құрмет көрсетті

Ардақты қарияға құрмет көрсетті

Облыс әкімінің орын­ба­сары­ Балмейір Сансызбайұлы ауданға арнайы жұмыс сапарымен келіп, Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыровқа құр­мет көрсетті. Іс-шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев бас­таған жергілікті атқарушы, өкілді орган өкілдері мен ардагерлер қатысты.

Ардагерге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың және ҚР Қорғаныс ми­нистрі, генерал полковник Руслан Жақ­сылы­қов­тың арнайы құттықтауы табысталды. Облыс әкімінің орынбасары құттықтау сөз сөйлеп, игі тілегін жеткізді.

– Сізді Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерекесімен шын жүректен құттық­таймын! Кешегі қаһарлы жылдардың қаһармандық жолы жұртшылықтың мәңгі жадында. Бұл мереке – Отан қорғаудағы өш­пес ерліктің, өлшеусіз даңқтың, еңсе­лі елдіктің рухы. Бү­гінгі Тәуелсіздік тұғы­рының берік, ең­семіздің биік болуы, өңіріміздің өр­­кендеуі мен еліміздің гүл­денуі – сіз­дердің ерліктеріңіздің, осы ме­ре­кенің жемісі. Жас ұрпақ өзіңіз секіл­ді майдангерлердің батылдық жолынан өнеге алып, бой түзейді. Талайлы та­рихымыздың тарландары жа­­саған жасампаз ерлік мәңгілік ел­дің ұмытылмас асыл мұрасына айналды. Бейбіт өміріміз бен бақытты бола­шағымыз үшін майдан­да да, тылда да жанқиярлықпен кү­реске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие. Ар­да­герлерді ардақтау, қа­зы­налы қарт­тарымызға қамқорлық жасау – бас­ты борышымыз, – деді облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы.

Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев игі тілегін айтып, аудан ардагерлерінің атынан ри­за­шылығын білдірді.

– Бұл күн арын – байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңыз­ға айналған батырлардың даңқ­ты ру­хын ардақтап, Отанға адал қызмет етуді айқындайтын айтулы күн. Бү­гінгі Тәуел­сіздік тұғырының берік, ең­­семіздің биік болуы да, еліміздің бейбіт аспан астында өркендеп, гүл­денуі де – осы Жеңістің арқасы. Ба­тылдық пен ерлік­тің, Отанға деген сүйіспеншілік пен адал­дықтың символы болған мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақ­тарыңызға шаттық пен бақыт ті­лей­мін. Біздің аудан ардагерлерінің ар­қасүйер ақылшысына айналған Яхия Тасыровқа көрсетіп жатқан құрмет­теріңіз бен қызметтеріңізге аудан ар­­­дагерлерінің атынан шынайы ал­ғы­­сымды біл­діремін, – деді Мұса Ал­пыс­­бай­ұлы.

Айта кетейік, бүгінде аймағымыз­да 6 соғыс, 2048 соғыс ардагеріне те­ңестіріл­ген тыл ардагері бар. Ұлы Жеңісті жа­қындатқан көзі тірі майдангерлерге мемлекет тарапынан қар­жы­лай қолдаулар көрсетілуде.


Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
11 мамыр 2023 ж. 453 0