Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрым Бөдеевті еске алуға арналған эстафета өтті

Тұрым Бөдеевті еске алуға арналған эстафета өтті

Сырдария ауданы орталық стадионда Қалжан ахун ауылының еңбек ардагері, 1970-1997 жылдардағы ауыл шаруашылығы саласын өркендетуде қажырлы еңбегімен үлес қосқан Тұрым Бөдеевті еске алуға арналған оқушылар арасында эстафеталық жарыс өтті.

Жарысты аудан әкімінің орынбасары Байдушев Димаш Серікбайұлы ашып, оқушыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік бұл жарысқа «Қарағанды-Түркістан» бағытындағы 1300 шақырымдық жүгіріп келе жатқан Е.А.Бөкетов Атындағы Қарағанды Университеті мен Ruhani.kz жобасының марафоншылары Сырдария ауданына келді. Марафоншылардың арасында Бөкетов университетінің спорттық-педагогикалық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры жерлесіміз Қалжан ахун ауылының тумасы Марат Бөдеевте қатысуда.

Аталған эстафеталық жарысқа тұспа тұс келген ультрамарафоншыларды аудан әкімінің орынбасары Байдушев Димаш Серікбайұлы құрметпен күтіп алып, ізгі тілегін айтып, сәт сапар тіледі.

Әрі қарай жарысқа келген марафоншылар оқушылармен мастер класс көрсетуімен жалғасты.

Жарыс нәтижесінде 1 орынды №37 мектеп-лицей (100 000 теңге), 2 орынды №126 орта мектеп (70 000 теңге) және 3 орынды №137 орта мектеп командалары (50 000 теңгені) жеңіп алды.
04 мамыр 2023 ж. 231 0