Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталды

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталды

Көпшілік «Білімдіге дү­ние жарық, білімсіздің кү­ні ғаріп» деп бекер айтпаса керек-ті. Халық баласын оқытуда ұстаз­дар­ға жүктелетін міндет көп. Бү­гінде педагогтар қа­уы­мы келесі оқу жылы­на бі­рінші сынып оқушы­ла­рын қабылдау үшін құ­жат қа­былдауды бастады.

Жалпы, Сыр өңірінде 2022-2023 оқу жылында 19 568 оқушы қабылданады деп күтілуде. Білім ұясының табалдырығын алғаш аттайтын балғындар үлкен өмірге қа­дам басады.
Облыс көлемінде бірінші сынып оқушы­ларының құжаттары «элек­тронды үкімет» веб порталы ар­қылы қабылданады. Өз кезегінде осы мәселеге қатысты сауалдарға облыстық білім басқармасының бө­лім басшысы Нұрлан Дәулетәлиев Өңірлік коммуникациялар қызме­тін­де өткен брифингте жауап берді.

– Мектепке 6 жасқа толған жә­не биыл 6-ға толатын балалар қабыл­данады. Айта кету керек, баланың жасы 1 қыркүйекте толық 6 жас­та болса ғана қабылданады. Ал ба­ланың жасы жетпесе тек ата-анасы немесе заңды тұлғалары қала­ған жағдайда мектепке бару мүм­кіншілігі бар. Ережеге сәйкес 1-сыныпқа қабылдау кезінде алдымен қызмет көрсету аумағынан өтініш білдірген 3 үміткер, содан ке­йін басқа аумақтан 1 үміткер қа­былданады. Білім беру ұйымдары міндетті көрсетілген тізбеден тыс құжаттарды тапсыруды өтініш бе­рушіден талап етуге құқығы жоқ. Сонымен қатар мектепке қабылдану үшін ешқандай емтихан тапсырылмайды, – деді Нұрлан Дәулет­әлиев.

Қырық мыңға жуық аудан хал­қының демо­графиялық өсімі жоға­рылау үстінде. Келесі оқу жылында 2015-2016 жылы туылған балалар білім нәрімен сусындайтын болады. №210 Оспан Әбілпаттаев атындағы орта мектептің 12 жыл жұмыс өтілі бар білікті ұстаз Ботакөз Баджанова 2022-2023 оқу жылында бірінші сыныпқа оқушы қабылдауға ниетті.

– Қазіргі таңда жаңартылған оқу бағдарламасы арқылы бала­лар­дың білім деңгейін көтеру ма­ңызды. Әрине, бірінші сыныпқа қа­былданатын оқушылардың алғаш­қы ұстазы ретінде зор жауапкершілік жүктеледі. Қашанда әрбір үй­дің кіш­кентай балғындарымен жұмыс жасау қызықты әрі күрделі. Ата-ана­лардан балалардың құжаттарын қабылдау жүргізілуде. Бастауыш сыныпқа келген бүлдіршіндерге «Әліппені» үйретіп, білімді болуға бау­лимыз. Балаға берілген алғашқы білім дұрыс болса, кез келген ғы­лымды игеріп кете алады. Сон­дықтан ұстаздар үнемі ізденісте бо­лады. Жаңаша леп әкеледі. Ата-анамен тығыз байланыс орнатып, ба­ла қабілетін ашуға тырысамыз, – дейді білікті ұстаз.
05 сәуір 2022 ж. 698 0