Сенат Төрағасы қазақстандықтарды Оразаның басталуымен құттықтады
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев еліміздің барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат төрағасы әлеуметтік желідегі парақшасында қасиетті оразаның басталуына орай жазба қалдырды.
«Еліміздегі барша мұсылман қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл айда сабыр мен төзім, кешірім мен мейірім, береке мен бірлік салтанат құрады. Мол сауаптан үміт еткен әрбір мұсылман отыз күн оразада ауыз бекітіп қана қоймай, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қамқорлық танытуға асығады. Мұның бәрі – ұлтты ұйыстырып, жұртты жұмылдыратын ізгі амалдар.
Биыл Рамазан жыл басы – Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келіп отыр. Рухани тазару айы мен тіршілік атаулыға нәр беретін жаңару мерекесінің қатар келуін жақсылықтың нышаны деп қабылдаймыз. Бұл да игі істердің еселене түсуіне өз әсерін тигізері сөзсіз.
Қасиетті айдың басталуымен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін. Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!», делінген жазбада