Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Абырой мен жауапкершілік

Абырой мен жауапкершілік

Мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой әрі зор жауапкершілік. Бүгінде жастар арасында мемлекеттік қызметші болуды мақсат еткендердің саны көп. Осы ретте қиын­дығы мен қызығы қатар жүретін маңызды саланың жұмысы туралы тың ақпараттармен бөлісуді жөн көрдік. Біз бұл мәлі­меттерді Мемле­кеттік қызмет істері агенттігінің Қызыл­орда облысы бо­йынша департаментінің ресми парақшасындағы ақпараттар арқылы әзірледік.

Сіз мемлекеттiк қызметке орналасу кезiндегi сынақ мерзімі туралы білесіз бе? Білмесеңіз, біз толығырақ баяндап, түсіндіріп өтейік. Алдымен мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген азаматтар үшін олардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарға сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімінен өту туралы шарттар мемлекеттік органның жұмысқа қабылдау туралы актісінде көзделеді. Сонымен қатар қызметін бағалаудың, сынақ мерзімінің, аттестаттау қорытындысының нәтижелері бойынша не теріс себептер бойынша бұрын мемлекеттік лауазымнан шығарылған және мемлекеттік әкімшілік қызметке қайтадан кіретін азаматтарға сынақ мерзімі міндетті түрде белгіленетінін айта кетейік.

Ал мемлекеттік саяси қызметке, «А» корпу­сының мемлекеттік әкімшілік қызметіне орна­ласқан мемлекеттік қызметшілер, сайланған әкімдер үшін сынақ мерзімі белгіленбейді. Құқық қорғау органдарына қызметке кірген мемлекеттік қызметшілер үшін сынақ мерзімі Қазақстан Республикасының заңдарына сәй­кес белгіленеді. Сынақ мерзімі үш айды құ­рай­ды және сынақтан өтуші мемле­кеттік қыз­метшілердің дәлелдi себептермен жұмыс­та бол­маған кезеңдері сынақ мерзiмiне есептел­мейдi. Мұнан бөлек сынақ мерзімі кезеңінде, оның ішінде оны ұзартқан кезде мемлекеттік әкім­шілік қызметке алғаш рет кіретін азамат­тарға тәлімгерлер бекітіледі.

Ендігі кезекте мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасы туралы айтайық. Тағылымдама дегеніміз – мемлекеттік қызметшілердің мем­лекеттік органдардың тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде тиісті салада кәсіби білім мен тәжірибе алуға арналған қызметі болып табылады. Тағылымдамаға мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі бір жылдан кем емес қызметшілер бес жұмыс күнінен үш айға дейінгі мерзімге жіберіледі. Яғни, мемлекеттік қызметші тағы­лым­дамаға бір мемлекеттік органнан басқа мемлекеттік органға және мемлекеттік органнан тағылымдама өтуші функционалдық мін­дет­теріне сәйкес тиісті саладағы ұйымдарға бағытталады. Тағылымдамадан өткен қызмет­шілер тағылымдаманың аяқталуынан екі жұмыс күні бұрын жетекшілеріне тағылымдама қорытындылары туралы жазбаша есеп ұсынуы тиіс. Қызметшілердің тағылымдамадан өту мерзімінде жұмыс орны, яғни мемлекеттік лауазымымен жалақысы сақталады. Бұл қызметшінің білімі мен біліктілігін арттыруға, тәжірибесін молайтуға көп септігін тигізеді.

Сала жұмысында мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту да заңмен реттелген. Яғни, мемлекеттік органдар шетелдік жұмыскерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқа қабылдай алады. Бірақ шетелдік жұмыскерлер мемлекет­тік лауазымды атқара алмайды және лауазымды адам бола алмайды. Осы ретте, шетел­дік жұмыскерлердің атқаратын қызметін мемлекеттік органдар жауапты комиссияның келісімі бойынша белгіленеді. Мемлекеттік органдар қабыл­дайтын шетелдік жұмыскерлер қызметінің сапасы үшін жауапкершілік мем­лекеттік орган­дар­дың басшыларына жүктеледі. Сонымен бірге мемлекеттік органдарға жұмысқа қабылдау кезінде шетелдік жұмыскерлер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ликасының ұлттық қауіпсіздік органдары уәкілетті органмен бірлесе отырып айқындай­тын тәртіппен, міндетті арнайы тексеруден өту­ге міндетті.

Жалпы, алғанда мемлекеттік қызметші болу білім мен біліктілікті, сондай-ақ жақсы адами қасиеттерді талап етеді. Сондықтан бұл салаға қойылатын талаптар да, жүктелетін міндеттер де жоғары. Біз оқырман сұранысына сәйкес алдағы уақытта да осы салаға қатысты ақпараттық мақалалар жариялайтын боламыз.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
25 ақпан 2023 ж. 278 0