Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданның даму көрсеткіштері жарияланды

Ауданның даму көрсеткіштері жарияланды

Апта басында аудандық эко­­номика және бюджетті жос­пар­лау бөлімі аудан­ның негізгі әлеу­меттік-эко­но­ми­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­калық да­му көрсеткіш­те­рі­нің биылғы қаңтар­-қа­­­ра­ша ай­ын­­­­­­дағы қоры­тын­­­­­­­дысын жа­­­­­­­­рия­­лады. Ақ­­­­­па­­рат­­­­­­­­тық ма­те­­­­риал­ға сәйкес біз де оқыр­­ман назарына аудан­ның да­му көр­­сеткіштерін ұсы­­нуды жөн көрдік.

Ресми мәліметке сүйенсек, бүгінде аудан халқының саны 37 837 адам екен. Оның ішінде, ерлердің саны 19 503 болса, әйелдердің саны 18 334 адамды құрайды. Яғни, Сырдария ауданы халқының саны көршілес аудандармен салыстырғанда едә­уір аз. Қырық мыңға жуық халқы бар ау­данның облыс орталығына жақын орналасуы халық санының азаюына себеп болуы мүмкін. Өйткені, аудан тұрғындарының ба­сым көпшілігі қаладан қатынап жұмыс іс­тейді, соған сәйкес тұрғылықты мекен жай­ларын да өзгерткен.

Ағымдағы жылдың 11 айында аудан экономикасына 40043,0 млн теңге негіз­гі капиталға инвестиция тартылған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыс­тырғанда 201,8 пайызды құраған. Айта кету керек, бұл – облыс бойынша ең жо­ғар­ғы көрсеткіш.

Ауданда 2022 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 45359 млн тең­генің өнімін өндіріпті. Бұл көрсеткішті өт­кен жылдың осы кезеңімен салыстырар болсақ, 4,1 есеге ұлғайғанын аңғаруға болады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі 8508,0 млн теңгені құрап отыр. Мұнан бөлек ауыл, орман және балық шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемі 19260,0 млн теңгені құ­рағанын айтып өткеніміз жөн.

Жыл басынан бері ауданда 21 811,0 шар­шы метрді құрайтын тұрғын үй салынып, жұмыс көлемі 5,8 пайызға артқан. Салын­ған тұрғын үйлердің барлығы халықтың жеке қаражаты есебінен бой көтеруде. Құрылыс жұмыстарының көлемі 7967,0 млн теңгені құрап, кен орнында кәсіпшілік ара­лық коллектор, магистральдық еңбек құбы­рын салу есебінен өсім алған.

Бүгінде аудан бойынша 3003 шағын жә­не орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде, жұмыс жасап тұрған кәсіп­керлік нысанының саны 2865 екен. Есеп­ті мерзімде жүргізілген есептеулер қоры­тындысында ауданда мүйізді ірі қара саны 36 004 бас болса, сиыр 23 850 бас, жылқы 18 674 бас, түйе 1585 бас болып отыр. Ал қой мен ешкі саны – 27 923 бас, сондай-ақ 13 180 бас құс бар. Бұл көрсеткіш бойынша да өсім бар.

Бөлім ұсынған мәліметтерден аудан­ның әлеуметтік-экономикалық даму көр­сеткіштері қалыпты екенін аңғаруға болады. Бұл – аудан әкімдігінің, тиісті бөлім, мекеме басшыларының, кент және ауыл әкімдерінің бірлесе жүргізген жұмысының жемісі.

А.ҚҰРМАНАЙТЕГІ
20 желтоқсан 2022 ж. 335 0