Республика күні аясында балаларға базарлық

Спорт алаңының ашылуына аудан әкімі М. Ергешбаев, аудандық мәслихат депутаттары, аудан ардагерлері мен тұрғындары, жас спортшылар қатысты.
Аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы аудан тұрғындарын қайта жаңғырған Ұлттық мереке Республика күнімен құттықтап, ел игілігіне берілген нысанның салынуына ықпал жасаған азаматтарға алғысын білдірді.
Аудан басшысы, ардагерлер мен депутаттар спорт алыңының ашылу рәсімінде лента қиып, жас спортшылармен сұхбаттасты.
Облыс әкімінің бастамасымен, демеушілердің қолдауымен «Балалар жылына» арналған тарту Аманкелді Иманов көшесінің бойындағы орталық саябақтың ішінен салынған. Жаңадан бой көтерген нысанда футбол және жаттығу алаңдары бар.
Спорт алаңының демеуші «Жан-Арай» ЖШС-і.