Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Саяси жаңғырудың сабақтастығы

Саяси жаңғырудың сабақтастығы

Санамалап айтар болсақ, Жол­дау жарияланғаннан ке­­й­ін де жиырма күн уа­қыт өтіпті. Бір айға жуық уа­­қытта Президент Жол­дауы жалпыхалықтық талқы­лаулар мен пікірлерге негіз болғанын көріп те, біліп те жүрміз. Мұны саяси жаң­ғы­рудың сабақтастығы деп ба­­ға­мдайтын болсақ, мақ­сат-мін­деттерді бір­лесе орын­­­­­дау­­­­­дың елі­міз­дің ертеңі үшін ма­ңызын аң­ға­ру қиын емес.

Жолдаудан кейінгі Парламент Пала­та­­­ла­­рының бірлескен отырысына халық на­­зарының аууы бекер емес. Өйткені, Сенат пен Мәжіліс депутаттары соңғы 30 жылда өзгер­местей болып көрінген ұғымдар мен көзқарастар турасында батыл үн қатып, өз пікірлерін баспасөз бен әлеуметтік желі­лер­де ашық айтып жатты. Әрине, бұл орынды да еді. Себебі, халықтың бүгінгі тала­бы, сұранысы ашықтық пен жариялылық қағи­датына сай келеді.

Сонымен Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Қазақстан Рес­­пуб­­ликасы Парламент Палаталарының бір­лескен отырысы өтті. Онда ҚР Конститу­ция­сына өзгерістер мен толықтырулар ен­­­гі­зу және Парламент Палаталарының бір­­лес­кен комиссиясын құру мәселелері қа­рал­ды.

Бірінші оқылымда «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы жөнінде ҚР Әділет министрі Қанат Мусин баяндама жасады. Министр заң жобасының Мемлекет басшысының саяси бастамаларына сәй­кес, Парламент депутаттарының ұсы­ны­сы бо­йынша әзірленгенін айтты. Онда бес бапқа өзгеріс енгізу мен бір бапты толықтыру көзделген. Алдымен депутаттар Президенттің өкілеттігін шектеу және бір реттік жеті жылдық мерзім белгілеу мәсе­лесін талқылады.

– Ұсынылған конституциялық новелла би­ліктің монополиялану тәуекелдерін едә­уір төмендетеді және билікті қалып­тас­тыру мен жұмыс істеуінің өркениетті қағи­­даттарын белгілейді. Сондай-ақ саяси тұрақтылықты, қоғамдық құрылыстың қа­зақстандық моделінің орнықтылығын ны­ғайтады. Депутаттар ұсынғандай, Пре­­­­зи­дент­тің мандатын қайта сайлану мүм­кіндігінсіз бір мерзімге шектеу осы Заң жобасы күшіне енгеннен кейін 7 жыл мер­зімге Президент болып сайланған адам­дарға қолданылатын болады, – деді Әділет министрі.

Қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір реттік мерзімнің енгізілуі суперпрезиденттік бас­қару формасынан түпкілікті бас тартуға ті­келей жол ашады. Жаңа Мемлекет басшы­сы сайланғаннан кейін оның және одан кейінгі барлық президенттің сайлауға қайта қатысу мүмкіндігі заңды түрде шектеледі, – деді Сенат депутаты Владимир Волков.

Сенатордың сөзін төменгі палата депу­тат­тары да қуаттай түсті. Мәселен ҚР Пар­ламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фрак­циясы мүшесі Қазыбек Иса Пре­зидентті бір реттік мерзімге сайлау демократиялық алға басудың айқын қадамы және саяси ре­формалардың жалғасы деп санайтынын айтты.

– Президенттікке бір рет қана сайлану – екінші кезеңге үміт арту жойылғандықтан, президент бар қайрат-қуатын, білік-бі­лі­мі мен іскерлігін өмірінде бір рет қана бе­рілген мүмкіндікте барынша жұмсап қа­лады. Келесі президенттікке түсуді ойлап, түрлі саяси айла-амалдарға бармайды. Әр Президенттің екінші мерзімге сайланбайтыны ең алдымен келесі болатын жаңа Президент үшін жарқын жол ашу, демократиялық зор қадам. Өйткені, сайлау екі мерзім бол­ған жағдайда, әр Президенттің жаңа үміт­керден гөрі қайта сайлануға мүмкіндігі көп болатыны белгілі. Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір мерзім ғана президенттікті енгізіп, келесі президентке айқын жол ашуы – тек қолдауға лайық, көптеген елдер арасындағы алғашқы ли­бералдық қадам. Осы біз президенттікке ешқандай мерзімсіз көп сайланудан аузымыз күйген ел емеспіз бе? Отыз жылда еліміз екінші Президентке зорға жетіп отырған жоқ па? Өзіміз екінші президентті көре алмай кетеміз бе деп едік, құдайға шүкір, көрдік... Ал жаңа норманы қазір енгізсек, 30 жыл емес, 14 жылда екі Президент болады. Енді Президент Тоқаевтың өзі екі мерзім сайлануға мүмкіндік қолын­да тұрса да, бір мерзім ғана сайлауды өзгермейтіндей етіп, Ата Заңға жазып қою­ды ұсынып жатқанда, қол­даудың орнына, «Неге президент бір рет қана сайлануы керек» деп, қисық тартып жатқандарға не деуге болады? Жеті жыл уақыт – қандай жетістікке жетуге де жет­кілікті мерзім. Қа­зақта 7 саны қасиетті сан­ға жататынын да ұмытпайық, – деді Қ.Иса.

Парламент Палаталарының бір­лес­кен отырысында мұнан бөлек Конс­ти­ту­­ция­лық Сот судьяларының қайта та­ға­й­ын­далуына шектеулер белгілей отырып, Конституциялық Сот судьяларының өкі­леттіктерін сегіз жылға дейін ұлғайту және елордаға «Астана» атауын қайтару мә­селелері де қаралды.

– Қазақстан халқы Тұңғыш Прези­денттің мем­лекет іргесін бекітудегі тарихи еңбегін жоққа шығармайды. Бір елорданың өзін­де халықаралық әуе­жай­дың, бірнеше ескерткіштердің, сая­бақтың, оқу орнының ол кісінің есімімен аталуының өзі – құрметтің белгісі. Ал халықтың негізгі талабы – кезінде өзінің пәрменімен Елордаға берілген «Астана» атауын қайтару. Депу­таттар сол себепті сайлаушылардың өті­ніштерінің негізінде арнайы бастама жаса­ды, – деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан.

Парламент депутаттары «Қазақстан Рес­­пуб­ликасының Конституциясына өз­ге­ріс­тер мен толықтырулар енгізу тура­­лы» Заң жобасын екі оқылымда қабылдауға бір­ауыздан дауыс берді. Мәжіліс Спикері ел болашағын айқындайтын маңызды ше­шім қабылданғанын атап өтті.

– Қазақстан жаңа саяси дәуірге қадам басқалы тұр. Біз сол ұзақ жолдың алғаш­қы қадамын бастадық. Бұған дейін бүкіл­халықтық референдум ар­қылы қабыл­данған конституциялық ре­форма саяси жаңғырудың негізін қалады. Ал бүгінгі қа­­­был­данған шешім сол реформалардың нүк­тесін қойып, мемлекетіміздің жаңа сая­­­си модельге көшуіне жол ашады. Елі­міз демократияға қарай нық бағыт алды. Мемлекеттік құрылым түбегейлі өзгереді. Солайша, біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың маңайына топтасып, әділетті қоғам құрып, ел бай­лы­ғының халыққа теңдей бөлінуіне жағ­дай жасап, азаматтарымыздың әл-ау­қатын арт­­­­тырып, бейбіт те берекелі өмір­дің ор­нығуын қамтамасыз етіп отырмыз, – деді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар бірлескен отырыста депутаттар Парламенттің регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы депутаттардың ұсыныстарын қарау жөніндегі Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамын бе­кіт­ті. Комиссия құрамына Сенаттан Ақ­марал Әлназарова, Владимир Волков,­ Ақылбек Күрішбаев, Ерік Сұлтанов, Мә­жілістен Сауытбек Абдрахманов, Арман Қожахметов, Айқын Қоңыров және Азат Перуашев енді. Комиссия төрағасы болып Арман Қожахметов сайланды. Жи­налғандар бірауыздан қолдап дауыс бер­ді.

Осылайша, енді елімізде Президенттік қызмет мерзімі жеті жылдық уақытты қамтитын болды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласының атауы қайтадан «Астана» болып өзгертілді. Жұртшылық ара­сын­­дағы үл­­кен талқылауларға арқау бол­ған бұл екі шешім депутаттардың сая­­си өзгерістерге сай үн қатып, Мемле­кет басшысының ұстанымдарын әр­кез қол­­­­дап, қуаттайтынын тағы да бір мәр­те дәлелдеді.

Маңыздысы сол, биыл Президенттің, келесі жылы бар­лық деңгейдегі депу­таттардың сайлауы өткізіледі. Бұл Жаңа Қазақстанның жарқын келешегін қалыптастырудағы айқын бағыттар. Осы арқылы мемлекеттік басқару жүйесінде де жаңғыртулар жүзеге асып, ел басқару ісінде ашықтық пен жариялықтың жаңа моделі көрініс таппақ. Ендеше, демократия бастаулары мен саяси бәсе­ке­лестік алғы­шарттарының «қызы­ғы» мен «шыжығы» әлі алда. Ал оның мәнін, нә­тижесін, жемісін уақыттың өзі көрсе­тіп береді.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
20 қыркүйек 2022 ж. 360 0