Аудан әкімі көтерілген әрбір мәселені жіті бақылауда ұстайды
Ағымдағы жылдың 30 мамырында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі А.Қуантыровтың жұмыс сапарының Сырдария ауданы, Ақжарма ауылының тұрғындарымен кездесуі барысында, осы ауылдың тұрғыны М.Баршабаевпен қорада ұстайтын үй жануарлары (түйе, жылқы, мүйізді ірі қара, қой және ешкі) жайылатын жайылымдығына және шаруашылық субъектілерімен дақылдарды кезектестiрудiң (ротациялаудың) бiрыңғай схемасын сақтамайтандығын көтерген болатын.
Осы ретте, аудан әкімі М.Ергешбаев, жер саласына жетекшілік ететін аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Шайхиевке көтерілген мәселелерге қатысты ресми құжаттарды көрсете отырып, М.Баршабаевқа егжей-тегжейлі түсіндіруді тапсырды. Тапсырмаға сәйкес, аудан әкімі аппаратының басшысы Р. Шайхиев және аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Мейрамбекұлы арнайылап Ақжарма ауылында болып, ауыл әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында ауыл әкімінің қатысуымен ауыл тұрғыны М.Баршабаевпен кездесіп, көтерген мәселесіне байланысты ресми құжаттармен таныстырып, мән-жайды түсіндірді.
Өз кезегінде, ауыл тұрғыны М.Баршабаев аудан әкімінің көтерілген сұрақтарға бей-жай қарамай, тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселені жіті бақылауда ұстайтындығына ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар, көтерген мәселелеріне қанағаттанарлық жауап алғындығын жеткізе отырып, өзінің батасын берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.