Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев: Демократия – әрқайсымыздың тынымсыз еңбегіміз

Қасым-Жомарт Тоқаев: Демократия – әрқайсымыздың тынымсыз еңбегіміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада елдің кешенді трансформациясы жолында қазақстандықтардың рөлін атап өтті.

«Елдің кешенді трансформациясы азаматтардың саяси белсенділігін арттыратыны сөзсіз. Бірақ ол көбінесе популизмнің күшеюімен сипатталады. Әлемнің көптеген елдерінде орын алып жатқан арандатулардың айтарлықтай өсуі де қоғамда қалыптасатын саяси көзқарастармен тығыз байланысты», деді Президент.

Мемлекет басшысы дамыған демократиялық қоғам құру – бұл дәйекті және жүйелі жұмыс екенін түсіну керектігін баса айтты. 

«Бұл ретте біздің елде жоғары саяси жауапкершілік мәдениеті тамыр жаю керек. Себебі, дәл осындай мәдениет саяси саладағы радикализм мен популизмге қарсы тұрудың басты факторы. Бұл жерде көп нәрсе қоғамның жетілуіне, санаға ықпал етеді. Демократия – бұл әрқайсымыздың күнделікті тынымсыз еңбегіміз. Мұнда ғылыми қоғамдастықтың рөлі де, мәні де өте зор. Жалпыреспубликалық референдум жаңа әділетті Қазақстанды құрудың маңызды бастамасы болады», деді Президент.

01 маусым 2022 ж. 391 0