Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » WBC президенті: Головкин мен Альварес арасындағы қарымта кездесу болмайды

WBC президенті: Головкин мен Альварес арасындағы қарымта кездесу болмайды


Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) командасы бесінші мамырдағы айқасқа жаңа қарсылас іздестіре берсе болады. Себебі мексикалық Канело Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қазақстандық әлем чемпионының арасындағы реванш сөзсіз болмайды.

Бүкіләлемдік бокс жөніндегі кеңестің (WBC) президенті Маврисо Сүлейманның сөзіне қарағанда екі спортшы арасындағы қарымта кездесу болмайын деп тұр. Бұл туралы Sport.inform.kz хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Менің пікірімше, Головкин-Канело айқасы болмайды, бұл жекпе-жек енді жоқ. Невададағы Альвареске қатысты тыңдау 18 сәуірге ауыстырылды. 5 мамырдағы күрес әлі де болады дегенді  елестете алмаймын », – деп хабарлады ESPN Deportes Маврисо Сүлейманның сөзін келтіріп.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының алдында допинг-тестен өткен Канелоның қанынан кленбутерол табылды. Оның ісіне қатысты шешім 18 сәуірде Невада Атлетикалық Комиссиясының шешімімен жасалады. Алдын ала болжам бойынша, боксшы жарты немесе бір жылға спорттан аластатылып, айыппұл төлейді.
02 сәуір 2018 ж. 808 0