Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Miras» кеңесі: Ауқымды мәселелер қаралды

«Miras» кеңесі: Ауқымды мәселелер қаралды

«AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» кеңесі биылғы алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Парламент депутаттары, Ақпарат және қоғамдық даму министрі мен Мәдениет және спорт министрі, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аға буын өкілдері мәдениет саласындағы сан мәселеге назар аударды. Кеңес мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет аймақтарға кітап жеткізу мәселесін көтерсе, Алдан Смайыл кәсіби аудармашыларды даярлау үшін арнайы факультет ашуды ұсынды.

Сондай-ақ «Miras» алаңында жас қаламгерлерді қолдауға бағытталған mecenat.kz жобасының тұсауы кесілді. Жоба аясында туындыларды 10 мамырға дейін қабылдайды. Бұл жобаның мақсаты жаңа авторларды қолдау, яғни мәні жаңа романға байқау жариялап, ел ішінен іздеу. Үздік туындыға оқырман онлайн дауыс береді. Қазылар алқасы жоқ. Жеңімпазға жоба демеушісі өмірінің соңына дейін ай сайын 500 доллар төлеп тұру міндетін алады. Осылайша, жыл сайын байқау қайталанады, оның әр жеңімпазына сол 500 доллар төленіп тұрады.

Осы отырыста кеңестің төрағасы ауысты. Енді жаңа құрамдағы «Miras» кеңесіне Мәжіліс депутаты, белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтай жетекшілік етеді. «AMANAT» партиясы биыл ұлт руханиятын өркендетуді көздейтін біршама жобаларды жоспарлап отыр. Біз зиялы қауыммен, өнер және мәдениет қайраткерлерімен осы салада қордаланған біршама мәселелерді шешуге атсалысамыз.


Расул ЕСЕНОВ,
облыстық мәслихат депутаты,
Nur Otan партиясының мүшесі
14 сәуір 2022 ж. 610 0