Темекіден өрт туындауы мүмкін
Әртүрлі себептерден орын алған кез келген тұрмыстық өрттен гөрі, ұқыпсыздықпен лақтырылған немесе сөнбей қалған темекі тұқылы үлкен өртке ұласады. Темекі күлінен туындаған өрт салдарынан адамдар тұрмыстық жағдайда көбірек қаза болуда. Темекі және оның күлі көбінесе тек бықсиды, ол ұзақ уақыт бойы жалғасуы мүмкін, тек бірнеше сағаттан кейін ғана жалынға айналады. Темекі шегуден туындаған өрт кезінде қаза болған көптеген адамдар, өз үйлерінде от жалынын құрықтамаған, себебі олар ұйқылы болған. Ең алдымен матрас және төсек жабдықтары, сонымен қатар қоқыс жәшігі және жұмсақ жиһаздар жанады.
Егер сіздің үйіңізде темекі шегетін адам бар болса, келесі ережелерді сақтаңыз:
– пәтерлер мен тұрғын бөлмелерiнде, төсекте темекі шегуге және балкондар мен лоджиялардан темекi тұқылын лақтыруға жол берілмейді;
– үлкен және терең күлсалғыштарды қолданыңыз және оны әрдайым қарап тұрыңыз;
– қонақ күткен соң әркез жұмсақ жиһаз үстінде, жастық арасында және қоқыс жәшігінде сөнбей қалған және бықсыған темекі тұқылы бар-жоқтығын тексеріңіз;
– темекі тұқылын тастар алдында оны жақсылап өшіріңіз;
– төсекте немесе жатқан кезде темекі шекпеңіз, әсіресе ұйқылы-ояу, дәрі қабылдағанда немесе ішімдік ішкен кезде.
Аталған барлық ережені орындау арқылы біз өзімізге және бізге жақын адамдарға төнген қауіп-қатерді жоямыз. Тұрғын үй секторында тұрмыстық өрттердің санын азайтамыз деп үміттенеміз.
Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101», «112» немесе 21-2-00 телефонына хабарласып жағдайды, мекен жайын асықпай толық айтуы тиіс.
Сонымен қатар Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімінде 8/72436/21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды.
Сырдария ауданының
төтенше жағдайлар бөлімі