Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Департамент басшысы тағайындалды

Департамент басшысы тағайындалды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығымен Ғалым Тұрсынбаев Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымына тағайындалды.

Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлы 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қазақ Химия-технология институтын «инженер-құрылысшы - технолог» мамандығы бойынша, ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқарудың Ұлттық жоғарғы мектебiн «мемлекеттiк басқару» мамандығы бойынша, Шығыс Қазақстан мемлекеттiк университетiн «заңгер» мамандығы бойынша бiтiрген.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі - 26 жылдан астам, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері агенттігі саласында - 18 жылға жуық.

Ғалым Тұрсынбаев осы кезге дейін Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының қызметін атқарған.

«Құрмет» орденінің иегері, бірқатар мерекелік медальдармен және төсбелгілерімен марапатталған.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
10 сәуір 2022 ж. 743 0