Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Президент Мәжілістің құзыреті артатынын айтты

Президент Мәжілістің құзыреті артатынын айтты

Мемлекет басшысы Мәжіліске заңдар қабылдау құқығы берілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сенаттың Мәжіліс қабылдаған заңдарды тек мақұлдау немесе мақұлдамау құқығын көздейтін норма енгізген дұрыс деп санаймын. Бұл Мәжіліске заңдар қабылдау құқығы берілетінін білдіреді. Сондай-ақ, Парламент республикалық бюджеттің сапалы орындалуына бақылауды күшейтуі қажет. Осы орайда, Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құруды ұсынамын. Азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән берген жөн. Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн. Сондай-ақ, мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деп санаймын», деді Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында.
16 наурыз 2022 ж. 437 0