Театр шымылдығы түрілді
Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында әлемдік классик, итальян драматургі Карло Гольдонидің «Екі қожаға бір қызметші» комедиясының премьерасы театр шымылдығын түрді.
Комедияның қысқаша мазмұнында ширек ғасырдың сырын бойына бұққан Италия мен Венецияның әлеуметтік жай-күйі суреттеледі. Өзіне керек жерде пайдасын асыруды білетін Труфальдиноның «бір жалақыдан екі жалақы артық» деген қағиданы ұстануы, екі мырзаға қызметші болып жұмысқа орналасуы, екі жерден жалақы аламын деп біраз қиыншылықтарды басынан өткергені жайындағы көрініс кеңінен берілген. Шытырманға толы комедияның шырайын келтіретін кейіпкерлер есі кеткен екі әке, нәзік келін, қызғаншақ күйеу жігіт, пысық үй қызметшісі, қонақ үйдің иесі. Ең бастысы мұның бәрі сұлу Венецияның көрінісінде сипат алады.