Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ҚР орталық сайлау комиссияның төрағасы Сырдария ауданына келді

ҚР орталық сайлау комиссияның төрағасы Сырдария ауданына келді

ҚР Орталық сайлау комиссияның төрағасы Нұрлан Әбдіров Сыр өңіріндегі сапары аясында ауданға арнайы келді.

Мұнда №155 сайлау учаскесінің жұмысымен танысып, аудан жұртшылығымен жүздесті. Айта кету керек биыл алғаш рет Тереңөзек кенті әкімін халықтың дауыс беруі арқылы сайлау өтеді. Кент әкіміне үміткер ретінде 3 азамат тіркелген. Бұл жөнінде Сырдария ауданы орталық сайлау комиссияның төрайымы Балшекер Өтегенова қысқаша тоқталды.

Нұрлан Әбдіровтың аудандағы сапары мұнан соң Нағи Ілиясов ауылында жалғасты. 2021 жылы халық таңдауы арқылы сайланған ауыл әкімі Сағдат Нұрмағанбетов батырлар ауылының жүйелі жұмысын көрсетті. Ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында сала ардагерлерімен жүздескен комиссия төрағасы бұл сапардың қасиетті Сыр өңірінен басталғанына ерекше тоқталды.

- Алғашқы кездесуіміздің осы Сыр бойында өтіп отырғаны да кездейсоқ емес, бұл мекен Қазақстанның тұңғыш елордасы әрі киелі топырағы болып табылады, — деді өз сөзінде Нұрлан Мәжитұлы.

Өз кезегінде еңбек ардагерлері сайлауды ұйымдастырушылар мен жергілікті жұртшылық өкілдерінің сайлау жүйесін және оның заңнамасын жетілдіру жөніндегі кешенді мәселелері аясындағы ұсыныстарын жеткізді.

@Сырдария ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

18 ақпан 2022 ж. 514 0