Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қызылордада азаматтық қоғам мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы саланы жақсартуды бірлесе қолға алды

Қызылордада азаматтық қоғам мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы саланы жақсартуды бірлесе қолға алды

Қызылордада «Бастаманы қолдау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазыловтың, сала мамандары мен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Шараның мақсаты - Қызылорда облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асырудың жол картасын әзірлеу және аймақтың денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға ықпал ету.

Отырыста «Бастаманы қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мадина Төлепова ұйымның АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын «Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар» бағдарламасы аясында Еуразия қорының қолдауымен «Қызылорда облысының денсаулық сақтау жүйесін жақсартудың жол картасы» жобасын жүзеге асырып жатқандығына тоқталды.

«2020 бастап «Бастаманы қолдау» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облысы бойынша денсаулық сақтау саласын жақсарту бойынша әлеуметтік жобалар жүзеге асырып келеді. Бұл зерттеу тегін медициналық көмектің тиімділігін арттыру мақсатында және өңір тұрғындарының денсаулық сақтау саласы бойынша құқықтары мен мүдделерінің қорғалуының тиімділігін арттыру мақсатында жүргізіліп жатыр. Салаға қатысты Жол картасын әзірлеу, тегін медициналық қызметтер туралы тұрғындарды ақпараттандыру арқылы азаматтық қоғам ретінде үлес қосқымыз келеді», – деді шарада Мадина Төлепова.

Жол картасы қоғамдық бірлестіктің былтыр жүзеге асырған «Ұлт денсаулығы – басты назарда!» жобасы аясында жинақталған ұсыныстар негізінде әзірленеді.

Дөңгелек үстелде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов азаматтық қоғам ұйымдарымен бірге аймақ тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асырудың жол картасын әзірлеу барысында әріптестік негізде жұмыс жасауға әзір екенін жеткізді.

Сонымен бірге шарада денсаулық сақтау жүйесін жақсарту бойынша үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып жобаларды жүзеге асыру мәселесі де талқыланды.
31 қаңтар 2022 ж. 169 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам