Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№77 газет

10 қазан 2026 ж.

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде ревакцинация басталды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде ревакцинация басталды

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде 6 ай бұрын коронавирусқа қарсы вакцина алған қызметкерлер мен білім алушылардың ревакцинациясы басталды. 

Қалалық №6 емхана мамандары вирустың жаңа штаммдарынан қорғау үшін екпенің үшінші дозасын егуде. Науқанның алғашқы күнінде оқу орнының 100-ге жуық қызметкері қайта екпе салдырды.

Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның екі компонентін қызметкерлердің 98 пайызы, білім алушылардың 94 пайызы алған. Сондай-ақ, бүгінде университетте 18 жасқа толмаған 1100 студент бар. Оларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, Pfizer вакцинасын ерікті түрде алу насихатталады.

Еске сала кетейік, білім алушылар 24 қаңтар мен 7 ақпан аралығында сабақтар онлайн форматта өтеді. Ал 7 ақпаннан бастап аралас форматта оқиды.
26 қаңтар 2022 ж. 697 0